Түркістан облысы, Келес ауданының білім бөлімінің тәрбие секторының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 2023-2024 оқу жылына арналған біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 13 ақпан күні Абай ауылына қарасты №8 Т. Бегманова атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында “Жасөспірімдердің бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу” тақырыбында аудандық семинар болып өтті. Аудандық семинарды Келес ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлназ Ерғалиқызы ашып беріп, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталған мектептегі тәжірибелі ұстаздар ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға аудандағы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, педагог-психологтар, сынып жетекшілер, ата-аналар комитетінің төрағаларымен ауыл билері қатысты. Семинар соңында білім бөлімінің тәрбие әдіскері Д.Куватбеков ұлттық құндылықтарды дәріптеу маңыздылығын атап өтті.
19 Ақп 2024
Жаңалықтар
Келесте ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған аудандық семинар өтті
Пайдалы ақпараттық ресурстар