Келес ауданының білім бөліміне қарасты N47 Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің базасында жас мамандарға арналған “Дарынды балаларға талантты ұстаз” республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Педагогикалық байқау жас мұғалімдердің дарынды балалармен педагогикалық білім берудің барлық деңгейлеріндегі қызмет етуге дайындықтың бір түрі болып табылады. Мақсаты жас педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге және әлеуеттік шығармашылығының дамуына жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мамандардың кәсіби көзқарасын қалыптастыру. Аудандық кезең жеңімпаздары облыстық кезеңге жолдама алды.
19 Ақп 2024
Жаңалықтар
Келесте жас педагогтарға арналған байқау өтті
Пайдалы ақпараттық ресурстар