19 Ақп 2024
Жаңалықтар

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған аудандық семинар өтті.N18 С.Қожанов атындағы  жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  "Орыс тілі мен әдебиеті сабағында педагогиқалық шеберлік деңгейін жетілдіру" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын оқыту барысында интерактивті технология мен тәсілдер арқылы ұстаздардың шеберлігін арттыру, оқушылардың белсенділігін дамыту болып табылады.Семинар барысында мектеп мұғалімдері топқа бөлу мен сабақта түрлі интербелсенді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Семинарға ауданымыздағы білім беру мекемелерінен 45 ұстаз қатысты. Семинар соңында аталған білім ордасының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшісі Бейсембаева Қарлығаш Жалғасқызы көп жылдық тәжірибелі еңбек жолында дарынды да талантты шәкірт тәрьиелеуге қосқан үлесі үшін білім Келес Ауданының Білім Бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар