19 Қырқ 2023
Жаңалықтар

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫ ТРАКТОР МЕН ЖЕҢІЛ КӨЛІК ЖӨНДЕЙДІ

Келес ауданына қарасты №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы бос уақытын трактор мен жеңіл автокөлік жөндеуге арнаған. Еркебұланның бос уақыты осы трактор маңында өтеді. Мектептегі сабағынан босаған сәттен-ақ, аулада тұрған техниканы жөндеуге асығады. Тіпті, осы жасында ауыр техниканы тізігіндеп те үйренген. Еркебұлан қазір ағасынан жеңіл көлікті жөндеудің қыр-сырын жете меңгеріп жүр. Әзірге өзі жеке жөндеуді үйрене қоймаса да, қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізіп, көмектесуде. 14 жасар жасөсіпірім келешекте мықты механик болуды армандайды. Талантты баланың сынып жетекшісі Аширова Жамила Жандарбековнаның айтуынша, Еркебұлан сыныпта да тәртібімен ерекшеленіп отырады:
- Сыныбымызда дарынды балалар өте көп. Соның ішінде Еркебұлан ерекше көзге түседі. Достарының арасында сыйлы, қашанда жолдастарына көмек беріп жүреді. 
Ұстаздары жас та болса шымыр баланың болашағынан зор үміт күтеді.
 
Пайдалы ақпараттық ресурстар