25 Қар 2024
Бос орындар

Жария

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31231 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып: 

 

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№12 Р.Әлібекұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог бос лауазымына

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланған мекеменің атауы: «№12 Р.Әлібекұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бос жұмыс орнындағы педагогтар:

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «№12 Р.Әлібекұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне: 

  1. Директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары - 1 штат

Еңбек ақы төлеу мөлшері: 120000 - 200000 тенге

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№12 Р.Әлібекұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Біртілек а.о., Еңбекші ауылы, Мүслім ата көшесі, 1-үй пошта индексі 160-905, телефон 8-72532-7-83-92, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті 7 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-сарапшыдандан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: , телефон 8-72532-7-83-92, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Пайдалы ақпараттық ресурстар