Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№48 "Саңырау" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог бос лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурс жарияланған мекеменің атауы: «№48 "Саңырау" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнындағы педагогтар:
- Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «№48 "Саңырау" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне:
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 8 сағат бірлік жүктемесі
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 150000-190000 тенге
Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№48 "Саңырау" шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ошақты а.о., Саңырау ауылы, Ш.Қалдыаяқов көшесі, 42 үй, пошта индексі 160-921 , телефон +7(702)6912727, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні (31.10.2024 жыл күнінен басталады).
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;
11) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: телефон +7(702)6912727, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.