14 Қаз 2024
Бос орындар

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақ

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім
бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты«№49 «ҚОҢЫРТӨБЕ»
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі педагог бос лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.


Конкурс жарияланған мекеменің атауы: «№49 «ҚОҢЫРТӨБЕ» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнындағы педагогтар:

Конкурс жарияланған лауазымның атауы:
1. Ағылшын тілі пәні мұғалімі (тұрақты) – 9 сағат
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 130000-170000 тенге
2. Мектеп алды даярлық тобы (тұрақты) – 1 штат.
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 110 000 – 150 000 теңге.
3.Тарих пәні мұғалімі (тұрақты) – 11 сағат
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 140000-180000 тенге

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№49 «ҚОҢЫРТӨБЕ» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ошақты а.о., Қоңыртөбе ауылы, ш.Айманов көшесі, 116 үй, пошта индексі 160-921 , телефон 8-723278966, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық 

немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
12) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: телефон 8-723278966, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар