16 Мамыр 2024
Бос орындар

№2 Ө.Жәнібеков конкурс жариалау

«Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог бос лауазымына

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жариялаған мекеменің атауы: «Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№ 2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнындағы педагогтар:

  1. Математика пәні мұғалімі (орыс сыныптарында)- 16 сағат

Мемлекеттік білім беру ұйымының  толық атауы мен орналасқан мекен-жайы: №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназия коммуналдық мемлекеттік мекемесі. -

Келес ауданы. Абай ауылы  М.Артыков көшесі, №5.

Телефон нөмірі мен электрондық адрес һ 8(72532) 3-10-69. Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары педагогикалық білімі мамандығына сай болуы. 

Мемлекеттік білім беру ұйымының әлеуметтік педагогы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, Неке(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексін, «Білім туралы», «Педагог туралы заң», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық- пелагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ педагогика мен психология негіздерін білуге міндетті.

Лауазымдық айлықақы мөлшері:

Білім беру ұйымының педагогы - Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 130000-150000 теңге.

Конкурс өткізу орны мен мерзімі: Конкурс Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау, конкурстық орналастыру және тағайындау қағидаларында белгіленген мерзімде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінім мен қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі мен оларды қабылдау орны: Осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде бос лауазымдарға орналасу үшін өтінім мен қажетті құжаттарды қабылдау КЕЛЕС АУДАНЫ,АБАЙ АУЫЛЫ М.АРТЫКОВ. №5 орналасқант №2 Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:

  • Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат( идентификция үшін)
  • Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
  • Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша денсаулық сақтау жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
  • Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • Наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты ( бұдан әрі- ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог- сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).
  • 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
  • Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныымдар) ұсынады.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады немесе нотариалды тәртіппен куәландырылады.

Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: 8(72532) 3-10-69 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Пайдалы ақпараттық ресурстар