Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың оқу ісі жөнінен орынбасары бос лауазымына конкурс жариялайды.
Конкурс жарияланған мекеменің атауы: «№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнындағы педагогтар:
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты педагог бос лауазымы:
Оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 ставка
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 150 000 (Жүз елу мың ) теңгеге дейін.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№22 З. Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқар ата ауылдық округі, Қошқар ата ауылы, Өрісбаев көшесі № 9 ғимарат, пошта индексі телефон +7(778)9530546, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні (21.02.2024 жыл күнінен басталады).
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі ;
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: телефон +7(778)9530546, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.