20 Нау 2024
Бос орындар

КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Түркістан облысының білім басқармасының  «Келес ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты `» жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушы педагог лауазымына

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланған  мекеменің атауы: «№49 «Қоңыртөбе» жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша  бос жұмыс  орнындағы  педагогтар:

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№49 «Қоңыртөбе» жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша  педагог бос лауазымы:

Педагог

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 135000 (Жүз отыз бес мың ) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу  орны: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№49 «Қоңыртөбе» жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Қоңыртөбе ауылы, Ш.Айманов  көшесі №116 ғимарат, телефон +7(701)168-21-67,  электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні (20.03.2024 жыл күнінен басталады).

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) Осы қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде   № 21579 болып тіркелген).

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

            10) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

       11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      12) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: телефон +7(701) 168-21-67,  электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

 

 

 

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар