19 Желт 2023
Бос орындар

Келес ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог бос лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

Келес ауданының білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты  «№7  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  педагог бос лауазымына

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ

Конкурс жариялаған мемлекеттік мекеменің атауы:  Келес ауданының  білім бөліміне қарасты «№ 7  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі».

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  тұрақты  бос жұмыс орнындағы педагог:

  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - 16 сағат апталық жүктемесі.

 Мемлекеттік білім беру ұйымының  толық атауы мен орналасқан мекен-жайы:  «№ 7  жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» , Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №122

Телефон нөмірі мен электрондық адрес  8(72532) 3-07-82    Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары педагогикалық білімі мамандығына сай болуы.

 Мемлекеттік білім беру ұйымының педагогы білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының кодексін, «Білім туралы», «Педагог туралы заң», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», Қазақстан Республикасының Заңдарын және мемлекеттік білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты басқа да қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ педагогика мен психология негіздерін білуге міндетті.

Лауазымдық айлықақы мөлшері:

Білім беру ұйымының педагогы-  Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 222208 бастап 247897 теңгеге дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінім мен қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі мен оларды қабылдау орны:  Осы конкурс  туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 19.12– 27.12.2023 жылға дейін бос лауазымдарға орналасу үшін өтінім мен қажетті құжаттарды қабылдау КЕЛЕС АУДАНЫ, АБАЙ АУЫЛЫ, Т.РЫСҚҰЛОВ КӨШЕСІ №122 үйде  орналасқан «№7 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  МЕКЕМЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:

1) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат(идентификция үшін)

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген- бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын  бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен  бекітілген нысан бойынша денсаулық сақтау жағдайы туралы анықтама   (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты ( бұдан әрі- ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог- сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;

11) Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

     Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады немесе нотариалды тәртіппен куәландырылады.

      Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады.

 

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес:

  тел.:    8(72532) 3-07-82    Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар