19 Қырқ 2023
Бос орындар

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының  «Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№46  Абай  атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  педагог бос лауазымына КОНКУРС

Конкурс жарияланған мекеменің атауы: «№46 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнындағы педагогтар:

Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «№46 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша педагог бос лауазымы:

Орыс тілі пәні мұғалімі - 16 сағат жүктемесі.

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 150 000 (Жүз елу мың) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу  орны: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «№ Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ошақты ауылдық округі, Ошақты ауылы, С.Мұқанов көшесі №14 ғимарат, пошта индексі 160921, телефон +7(747) 513 06 86, электронды мекен жайы Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. 

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні (11.09.2023 жыл күнінен басталады).

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8)Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

12) Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: +7(747) 513 06 86, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Пайдалы ақпараттық ресурстар