«Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты №46 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарының бос лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурс жариялаған органның атауы: «Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №46 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: « №46 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бос тұрған директордың бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары бойынша лауазымдық қызметіне:
Директордың бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі бойынша орынбасары – 1 штат
Мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы мен орналасқан мекен-жайы:
№46 Абай атындағы жом коммуналдық мемлекеттік мекемесі.- Келес ауданы. Ошақты ауылы С.Мұқанов көшесі, №14.
Телефон нөмірі мен электрондық адрес 8(72532) 3-30-10, 87475130686, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары педагогикалық білімі мамандығына сай болуы.
Мемлекеттік білім беру ұйымының директордың бейіндік оқыту, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;педагогика және психология негіздері;
педагогикалық этиканың нормалары;
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогика, педагогикалық психология;
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
компьютерлік сауаттылық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Лауазымдық міндеттері:
оқушыларды бейіндік оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді;
бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларымен бағдарламалық-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектеп түлегінің қорытынды білім беру рейтингін қалыптастырады;
бейіндік оқыту бойынша білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және жоспарлауды, әртүрлі деңгейлік бағдарламаларды енгізуді, кәсіптік бағдарлау диагностикасын ұйымдастырады және талдайды, оқушылар мен түлектердің кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастырады;
педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруда инновациялық технологияларды ұйымдастыру және апробациялау бойынша, кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу үшін техникалық және кәсіптік білім беру жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен кездесуді ұйымдастырады;әр түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау, "мектеп-ЖОО", "мектеп-колледж-ЖОО", "колледж-ЖОО" үздіксіз білім беру жүйесінде толассыз оқу жоспарлары бойынша оқыту мүмкіндігін, ғылымды зерделеуге деген кәсіби бейімділігін ашуды, одан әрі білім беруді бейіндеу мақсатында оларды тереңдетіп оқыту үшін әр түрлі цикл пәндерін дербес таңдауды қамтамасыз етеді;
жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірлесіп кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізеді;
белгіленген тәртіппен есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығын және тапсырылуын қамтамасыз етеді;
білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Лауазымдық айлық ақы мөлшері:
Білім беру ұйымының директор орынбасары- Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 225000 бастап 250000 теңгеге дейін.
Конкурс өткізу орны мен мерзімі: Конкурс Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес,Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 21.02.2012 жылғы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогтерін лауазымға тағайындау, конкурстық орналастыру және тағайындау қағидаларында белгіленген мерзімде өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінім мен қажетті құжаттарды тапсыру мерзімі мен оларды қабылдау орны:
Осы конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде бос лауазымдарға орналасу үшін өтінім мен қажетті құжаттарды қабылдау КЕЛЕС АУДАНЫ,ОШАҚТЫ АУЫЛЫ С.МҰҚАНОВ №14 үйде орналасқан №46 АБАЙ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:
1.Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат( идентификция үшін)
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары көрсетілген- бар болса);
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеті атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық сақтау жағдайы туралы анықтама ( нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген).
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты ( бұдан әрі- ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог- сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік(болған жағдайда).
10.11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
11.Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныымдар) ұсынады.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелері жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері тарапынан куәландырылады және мөрмен куәландырылады немесе нотариалды тәртіппен куәландырылады.
Аталған құжаттардың топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартады.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: 8(72532) 3-30-10.
8 (747)5130686, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.