Түркістан облысы, Келес ауданы, Ғ. Мұратбаев ауылы, Береке көшесі №1 үй
«№40Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің төлқұжаты
2023-2024 оқу жылы
Нысан атауы |
«№40 Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мекен жайы: |
Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауыл әкімшілігі, Ғ. Мұратбаев ауылы, Береке көшесі №1 үй |
Мектеп директоры |
Ешанкулов Кадирбек Еркинбекович
|
Мұғалімдер саны |
122
|
Жобалық қуаты |
Мектеп 600 орындық
|
Оқушылар саны |
1-11 сынып 1155 МАД 107 |
Сынып комплектісі |
1-11 сынып 51 МАД 5 |
Ауысым |
2 |
І ауысым |
640 |
ІІ ауысым |
515 |
Оқу кабинеті |
25 |
Мектеп асханасы, орын саны |
1/100 |
Ыстық тамақ ішетін оқушылар саны |
473 |
Мектептің салынған жылы |
2008 |
Ғимарат саны |
1 |
Қабат саны |
3 |
Оқу ғимаратының жалпы алаңы |
8423,3м2 |
Ғимарат типі |
типтік |
Қазандық түрі, маркасы, /көгілдір отын, қатты отын, сұйық отын, орталықтандырылған және жәй пеш/ |
Көгілдір отын, орталықтандырылған бір жерден |
Ауыз су |
тасымалмен |
Іркінді лас су жүйесі /канализация/ |
орталықтандырылған |
Камера саны |
8 |
Мектеп тарихы
Кеңес үкіметі орнаған соң елді жаппай сауаттандыру мақсатында шоғырланған
елді мекендерде алғашқы мектептер салына бастады. Сондай мақсатпен 1930 жылдары қазіргі Келес ауданы Ақтөбе ауыл округіне қарасты Көкбұлақ ауылында «Ақтам» тұңғыш бастауыш мектебі ашылды. Қариялардың айтуынша бұл мектептерде татар ұстаздар дәріс берген екен. Ұжымдастыру саясаты басталған соң шашырап жатқан әр жердегі үйлерді елді мекендерге жинақтап Ғ.Мұратбаев бөлімшесі құрылады. Бұл бөлімше Социал (Көкбұлақ) және Ғ.Мұратбаев екі елді мекенге бөлінеді.Социал ауылында 8 жылдық мектеп құрылып Ғ.Мұратбаев атауы беріледі.1960 жылдары бұл мектепті Бахиев Жантас ағай басқарып 1970 жылдары бұл мектепті Қалыбеков Алтай басқарады.
Ал Ғ.Мұратбаев елді мекенінде 4 жылдық бастауыш мектеп ашылып бұл мектепке де Ғ.Мұратбаев атауы беріледі. Бұл бастауыш мектепке Туржанов Мажит, Құрымбаев Бектас ағайлар меңгерушілік етеді. Аталған екі мектепте сол кездегі елде оқыған сауатты ұстаздар Әлібек, Ботанбаев Рахматулла, Темірқұлов Бинебек, Бахиев Жантас ағайлар ұстаздық еткен. 1971 жылы Ғ.Мұратбаев бастауыш мектебі үлкейтіліп ХХІV cеьзд КПСС мектебі болып қайта құрылады осы жылдары бұл мектепті Молдабеков Жақсылық, Сыздықов Мәлік деген азаматтар басқарады.
1974 жылы аудан басшыларының келісімімен екі ауылдың ортасына бір қабатты мектеп салынады. Мектеп 1976 жылы Ғ.Мұратбаев атауымен пайдалануға берілді. Мектепке Қазыханов Жаңабай басшы болып келіп көп ұзамай Байсейітов Төлеген ағай басқарады. 1981 жылы Ғ.Мұратбаев негізгі мектебі №23 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі болып қайта құрылады.
1993 жылдың қыркүйегінен бастап мектепті Еркінбек Ешанқұлов ағай басқара бастайды. Ол басқарған жылдары оқушыларға білім мен тәрбие берудің жаңа жолдарын қарастырып, мектепті аудандағы алдыңғы қатарлы мектептердің қатарына қосты. Мектепті басқара жүріп аудандық маслихаттың төрт дүркін депутаты, ауданның құрметті азаматы ҚР президентінің грамоталарын «Білім және Ғылым» министрлігінің марапаттарын және Ы.Алтынсарин төс белгісімен марапатталған. 2008 жылы 20 ақпанда су тасқыны болу салдарынан мектеп толық су астында қалып 2008 жылы желтоқсан айында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. 2013 жылдың мамыр айынан бастап мектепті
Кәдірбек Ешанқұлов басқарып келеді. Жас басшы мектеп ұжымына жаңаша көзқараспен жандасып, оқытудың инновациялық технологиялардың тиімділігі жайлы кеңінен түсіндіріп оқушылардың білім тәрбиесіне оқу сапасының жоғарылауына еңбек сіңіріп келеді. Қазіргі уақытта №40 Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебі өркендеп өскен ұйымшыл ұжымдардың бірі.
Электронды мекен жайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон номері: 8( 725-37) 7-51-44