Келес ауданынының N2 Ө.Жәнібеков мектеп гимназия базасында ата-аналарды педагогикалық қолдау,біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық тәжірбиелік семинар ұйымдастырылды.
Балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды немесе заңды өкілдерді педагогикалық қолдау бойынша өткізілген семинар ауданның Әжелер кеңесі мен Әкелер кеңесінің қатысуымен өткізілді
Семинар барысында мектептің ата-аналарымен дөңгелек үстел,сайыстар және тәрбие сағаттары,коучинг сабақтары мен отбасылық сайыстар жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту мақсатында өткізілген бұл семинардың бала тәрбиесінде маңызы зор екендігі ,онда сабақтардың әдістемелік тәсілдері мен мазмұны, ұлттық құндылықтар түсіндірілді.