Келес ауданы N29 жалпы орта мектебінің базасында “10-11 сынып курсы үшін күрделі тақырыптарды игеруде информатика пәні мұғалімдерінің құзыреттілігін дамыту” тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Семинар Білім беруді дамыту орталығының жылдық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Информатика пәнінің мұғалімдері бас қосқан жиынға облыстық орталықтың әдіскері Дінмұхаммед Саипов арнайы қатысып семинарға оң бағасын берді.
Семинардың басты мақсаты мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, сындарлы көзқарас қалыптастыру, олардың құзіреттілігін арттыру, оқушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалу дағдыларын дамыту болып табылады.
Семинарда «Google диск бұлттық сервисін қолдану. Практикалық жұмыстар», IT Startup, Обьектілердің 3D модельдері. Жоба құру»,
“Жасанды интеллект пен ақпараттық коммуникациялық технологияларын ҰБТ – да тиімді қолдану” сияқты т.б. тақырыптарда ашық сабақтар мен коучингтер өткізілді.
Семинарға облысымыздың білім беру ұйымдарынан 80-ге жуық педагог қатысты.