Келес ауданы, N10 “Игілік” жалпы орта мектеп базасында білім беру ұйымдарындағы 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты республикалық интеллектуалдық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезімге бағыттау мақсатында өткізілді.
Байқауға 105 оқушы қатысып, бақ сынасты. Екі кезеңнен тұратын байқауда оқушылар туған өлкенің тарихын зерттеуде танымдық қызығушылығы артып, маңызын терең сезінді. Облыстық кезеңге жолдама алған жеңімпаз оқушыларға сәттілік тілейміз!
https://keles-bb.edu.kz/janaliktar-basti-oral/10678-%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5-%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%88%D1%8B%D0%BB%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D0%B0%D1%83%D0%B4%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D2%9B-%D0%B1%D0%B0%D0%B9%D2%9B%D0%B0%D1%83%D1%8B-%D3%A9%D1%82%D1%82%D1%96.html#sigFreeIda7c85e9d04