Келес ауданының білім бөліміне қарасты №12 Р.Әлібекұлы жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиада өтті.
Олимпиаданың аудандық кезеңіне төрт пәнді меңгерген (математика, физика, химия, биология) 45 оқушы қатысты.
Жеңімпаз шәкірттеріміз енді облыстық кезеңде бақ сынайды.
Дарынды шәкірттеріміз бен ұстаздарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.
