Тілдер мерекесіне орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты онкүндік аясында жерлесіміз Балалар әдебиеті жанрында қалам тербеп жүрген, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ұлағатты зейнеткер ұстаз Тоқаш Бердияров атындағы әдебиет пен өнер бірлестігінің төрағасы Бердалы Рысбековпен «Бала деп соғады жүрегі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: кітап оқу - білім мен рухани құндылықтарды беру мен меңгерудің бір түрі ретінде, тұлғаны тәрбиелеу және білім беру адамның қоғамда табысты болуына және бәсекеге қабілеттілігінің жалпы деңгейіне әсер ететіні айқын оқушыларды жазушы Бердалы Рысбековтің шығармашылығымен таныстырып, жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
