Келес ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп жәрмеңкесі өткізілді. Аталған мектеп жәрмеңкесі аудан орталығы Абай ауылы орталығындағы “Жеңіс” саябағында өтті. "Мектепке жол" акциясы аясында өткен жәрмеңкеге Шымкент қаласындағы "Авто Нұр", Сарыағаш қаласы мен Абай ауылындағы сауда орталықтарының саудагерлері келді.
- Жәрмеңкеде екі немересіне мектеп формасын сатып алуға алып келген жасы егделеу әжені байқап қалдым. Сұрастыра келе немерелерін өз қамқорлығына алғанын,бір немересінің мүгедектігі де барын білдім. Өз қаражатым есебінен қос құлыншаққа мектепке қажетті барлық құрал жабдықтар мен формасын алып бердім. Жәрмеңкеге аудан депутаттары мен ел ағалары белсенді қатысып, қолдарынан келгенше мұқтаж жандарға көмек қолын созды. Осы жарияланымды жасаудағы жалғыз ғана мақсатым, жаны жомарт жандарға ой салу, - деді аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Бақтияр Абидиев өз әлеуметтік желі парақшасында.
Жәрмеңке барысында аудан көлеміндегі барлық елді мекеннің тұрғындары келіп, мектепке керекті киім-кешектер мен кеңсе тауарларын сатып алды. Республикалық акция ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
https://keles-bb.edu.kz/janaliktar-basti-oral/10369-%D0%BA%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5-%E2%80%9C%D0%BC%D0%B5%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BF%E2%80%9D-%D0%B6%D3%99%D1%80%D0%BC%D0%B5%D2%A3%D0%BA%D0%B5%D1%81%D1%96-%D2%B1%D0%B9%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B%D1%80%D1%8B%D0%BB%D0%B4%D1%8B.html#sigFreeId53c47f46df