🇰🇿Келес ауданында дәстүрлі түрде жыл сайын ұйымдастырылатын «Мектепке жол» Республикалық акциясы жүргізіліп жатыр.
🗓Акция 2023 жылдың 1 тамызынан басталып, 2023 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
❗️Бұл игілікті іс-шараға барлық азаматтарды, кәсіпкерлерді, меценаттарды өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосуға шақырамыз!
☎️Акцияға қатысып қолдау білдіруге ниет білдірушілер қосымша ақпаратты +7 (701) 656-31-56 байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Әрбір азамат халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.
Ағымдағы жылы бұл акция Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігінің бастамасы бойынша «Жақсылықты жаса» ұранымен өткізіледі.
