🏫Ауданымыздың білім беру мекемелерінде күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
🔹№56 Т.Белгібаев атындағы жалпы орта мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары 2022 жылы өтпелі болып белгіленген еді.
Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары қалыпты деңгейде жүргізілуде.
Мердігер ұйым басшылығына тиісті жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталу қажеттігін, әрі ең бастысы сапаға назар аудару қажеттігін ескерттім. Сонымен қатар жұмыс күшін арттыру қажеттігі де ескертілді.
