"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 23 желтоқсанда № 31231 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Келес ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі педагог бос лауазымына
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
Конкурс жарияланған мекеменің атауы: «№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты бос жұмыс орнындағы педагогтар:
Конкурс жарияланған лауазымның атауы: «№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тұрақты педагог бос лауазымы:
Бастауыш сынып мұғалімі - 16 сағат жүктемесі.
Еңбек ақы төлеу мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 150 000 (Жүз елу мың ) теңгеге дейін.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу орны: Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№22 З.Рүстемов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Қошқар ата ауылдық округі, Қошқар ата ауылы, Саутбекұлы Өрісбай көшесі №9 ғимарат, электронды мекен жайы:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Кандидаттың негізгі функционалдық міндеттері:
"Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3 тарау 7-параграф 64 бөліміне сәйкес функционалдық міндеттер.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
1) "педагог":
оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі тиіс;
білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлау және ұйымдастыру;
білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;
білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;
білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;
кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талап қоймастан, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат немесе біліктіліктің орташа деңгейіне жататын XI педагогикалық сыныбы бар 1995 жылға дейін орта мектепті бітіргені туралы құжат;
және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі – 5 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды: