Адамзат тарихы алға даму жолындағы өзгерістерден тұрады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 16 тамыздағы «Білім және Ғылым» атты ұстаздардың тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде «Қазіргі жаһандану дәуірінде жаңа технологияның қарқынды дамуы өмірімізге түбегейлі өзгерістер әкелді. Адам капиталына, білім саласына қойылатын талаптар мүлдем өзгеше. Сапалы білім қарқынды дамудың басты шартына айналды» деп атап өткен болатын.
Соңғы жылдары қарқын ала бастаған түрлі курстарға қатысып жүрген мұғалімдер лидерлік рольге ие болып, өз әріптестерін талай қиындықтардан шығарды. Бұл біздің нағыз педагогикалық шын бейнемізді ашып, жаңа кезеңнің жаңа дағдылары қажеттілігін түйсігімізден терең түсініп үйренуге кірістік.
Туындаған осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда, қоғамның қандай кезеңі болса да әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі ұстаздардың иығына түсінетін куәсі болдық. Бұл әрине түрлі кедергілердің туындауының салдарынан білім сапаға және оқушылардың ынтасы төмендеп кетуіне әсері тигені барлығымызға аян. Тұрақты, болжамды, қарапайым және нақты SPOD әлемінен VUCA өнеркәсіптік революция әлеміне ауысқан кезеңде өмір сүру үшін әрбір адам тез, серпінді, үнемі өзгере білуі қажет. Сондықтан, мұғалімдер қауымы қоғамның дәрежесін ұстап тұрушы күш ретінде кез-келген жаңалыққа бейімделе алатын болуы қажет.Мектептің зерттеуші тренерлері педагог-зерттеуші әріптестерімен қауымдастық құрып, тәлімгерлік үдеріс арқылы оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде Сабақты зерттеу (Lesson Study) туралы теориямен қатар тәжірибені жүргізудеміз. Практик-мамандар мектеп проблемаларын ойластыратын және оларға жауап беретін үдеріс мектеп базасындағы іс-әрекеттегі зерттеу болып табылады. Бұл – «мектепте» және «мектеп туралы» ғана емес, ең алдымен, «мектеп үшін» жүргізілетін зерттеу нысаны. Ұжымдағы әрбір мұғалімнің проблемалық тақырыбын нақты айқындауға бағыт бере отырып, нақтылауға көмектестік. Педагог-зерттеуші қоғамдастық мүшелерінің міндеті тәлімгерлік үдеріс арқылы ұжымдағы мұғалімдерге іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарын жүргізуге бағыт беру. Осы үдеріске тартылған мұғалімдердің бақылау, талдау жүргізу, рефлексия жасау дағдылары артып, оқу мақсатына жетуге бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануға, сындарлы кері байланыс беруге, оқушы үнін тыңдауға дағдыланды. Мұғалімнің міндеті өзінің жеке тәжірибесін түсіну және жетілдіру үшін өзіндік рефлексивтік зерттеу үдерісіне өзінің тартылуы, ұмтылуы деп айта аламыз. Осы сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері іс-әрекеттегі зерттеу сабақтарын мектеп қабырғасында жүргізуде. Өткен зерттеу сабақтарының дәлелдемесін және қысқа сабақ бойынша жасалған рефлексиясын мұғалімдер өзінің Facebook парақшасына жариялап, әріптестерінен кері байланыс алу арқылы тәжірибесін жетілдіру мақсатында. Әдістемелік күні кесте бойынша педагог-зерттеушілер ұжымға вебинар өтіп, тәжірибесімен бөлісуде. Іс-әрекеттегі зерттеуге қатысушылардың күш-жігерлері оқу бағдарламасын өзгертуге, мектепте қолданылатын тәжірибеге қатысты дау айтуға және проблема қою, деректер жинау, талдау және әрекет ету жөніндегі үздіксіз үдерістермен айналысу арқылы әлеуметтік өзгерістерге қол жеткізу жұмыстарына бағытталған.Тәжірибе көрсетіп отырғандай, іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін оқу үдерісіне ықпалдастыру оның жетілуіне ықпал етіп, мұғалімнің оқуын дамытып, оқушының оқу тәжірибесін жақсартады.
04 Қар 2023
Материал
Сабақты зерттеу – сапалы білім берудің тетігі
Пайдалы ақпараттық ресурстар