22 Шілде 2023
Материал

Адеев Аширбек Абидович

Адеев Аширбек Абидович

Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы

Өмірбаян: Адеев Аширбек Абидович 10 қазан 1985 жылы  Түркістан облысы, Келес ауданы, Бозай ауылдық округінде үлгілі отбасында дүниеге келген. Аталмыш ауылдағы Б.Момышұлы атындағы 59 жалпы орта мектебін 2003 жылы бітіріп, 2007 жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде физика және информатика мамандығын тәмамдаған. Қосымша Қазақстан халықтар Достығы университетінің қаржы бакалаврі мамандығы бойынша диплом алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан халықтар Достығы университетінде математика және информатика кафедрасында оқытушысы болып бастап, “Дөнгеленген дүние” республикалық газетінде бөлім басшысы қызметтерін атқарған.  Еңбек жолында 2010 жылдан бастап мемлекеттік қызметте бір қатар қызметтер атқарды. Атап айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысының   ішкі саясат басқармасында, Статистика департаментінде, тілдерді дамыту басқармасында бас мамаман, бөлім басшысы, Шымкент қаласының білім бөлімінде бас маман, Шымкент қаласының білім басқармасында бас маман қызметтерін атқарған. 2022 жылдың маусым айынан Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқаруда.

Отбасылы. 4 баланың әкесі. Шымкент қаласы әкімінің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Шымкент қаласы білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталған. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: Мемлекеттік жалпыға бірдей білім мен тәрбие беру

Пайдалы ақпараттық ресурстар